«Акимовка ауылының НОМ» КММ-де Отан қорғаушылар күніне арналған сыныптан тыс іс-шара өткізілді.
13.05.2026
«Акимовка ауылының НОМ» КММ-де Отан қорғаушылар күніне арналған сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Мақсаты: оқушылардың бойында патриоттық сезімді, өз елінің тарихына және Отан қорғап жүрген адамдарға деген құрметті тәрбиелеу; жауапкершілік, батылдық, достық және Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыту. Іс-шара барысында оқушылар «Миссия: қорғаушы болу» атты тақырыптық квестке қатысып, ептіліктерін, тапқырлықтарын, зейінділіктерін және топпен жұмыс жасау қабілеттерін көрсете алды. Балаларға әскери дайындыққа, әскер тарихына және нағыз қорғаушының қасиеттеріне арналған қызықты бекеттер мен тапсырмалар дайындалды. Іс-шара достық әрі белсенді атмосферада өтті. Барлық қатысушылар көтеріңкі көңіл күйге бөленіп, естелік куәліктерге ие болды, сондай-ақ жақсы білімдерін, ұйымшылдықтары мен өзара көмектерін көрсетті.