Көркем еңбек онкүндігі аясында оқушылар мен педагогтерге мейірімділік, қайырымдылық, қамқорлық сезімдерін және қарт адамдарға құрметпен қарауды қалыптастыруға бағытталған «Қайырымдылық себеті» игілік акциясы өткізілді.

05.10.2026

Акция барысында мұғалімдер ұжымы қарт әйел Маер Гильдаға азық-түлік салынған себет дайындады. Педагогтер азық-түлік жинауға және сыйлық себетін әзірлеуге белсенді қатысып, қолдауға мұқтаж жанға көңіл бөліп, қамқорлық танытты.
Осындай игі істер өзара көмек пен құрмет атмосферасын қалыптастыруға, адамгершілік құндылықтарды дамытуға ықпал етеді және әр адамның қоғам өміріне қатысуының маңыздылығын көрсетеді.

Просмотров: 4

Пікір қосу

Деректерді қолтаңбаға қосу